Біртұтас Қытай саясаты Пекиннің бұлжымас принципі болып табылады және ол талқыланатын тақырыпқа жатпайды. Қытай сыртқы істер министрлігі АҚШ билігіне осыны ескертіп мәлімдеме жасады.
Пекин соңғы кездері АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Вашингтонның Тайваньмен қатынасын дамыту ниеті барын бірнеше рет білдіріп, Қытайдың алаңдаушылығына түрткі салып отыр деп санайды.
Қаңтардың 15-і күні таратқан мәлімдемесінде Қытай сыртқы істер министрлігі "әлемде тек бір Қытай бар" екенін, оның жалғыз заңды үкіметі Пекиндегі коммунистік билік екенін атап көрсеткен. Пекин бұл мәлімдемесінде Тайвань Қытайдың ажырамас аймағы екені туралы тағы ескерткен.