Accessibility links

ЦРУ басшысы: Трамп Twitter-де абай болуы керек


Джон Бреннон, АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы.
Джон Бреннон, АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы.

АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) қызметінен кетіп жатқан басшысы Джон Бреннан болашақ президент Дональд Трампты келешекте Twitter-де жазатын жазбаларына мұқият болуға шақырып, "аяқ астынан бірдеңе жаза салудың" АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қайшы келуі мүмкін екенін ескертті. Бреннанның сөзінше, Трамп "твит жазбауы" керек.

"Салған жерден әлдебір нәрсені жаза салу ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сай келмейді. Сондықтан ол бірдеңе айтқанда немесе бірнәрсеге жауап қатқанда оның АҚШ үшін салдары әлдеқайда салмақты болатынын түсінуі тиіс" деді Бреннан Fox Newsт елеарнасына берген сұхбатында. Ол сонымен қатар Трампты Ресейге қатысты саясат ұстанғанында сақ болуға шақырып, "Мен ол Ресейдің мүмкіндіктерін, пиғылы мен іс-әрекетін толық түсінеді деп ойламаймын" деді.

Өткен аптада АҚШ арнайы қызметі президент сайлауы кезінде хакерлік шабуылдарға қатысты есебін жариялаған. Онда Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тағы сайлауда Трамптың жеңіп шығуына ықпал ету мақсатында жасырын кампания жүргізуге пәрмен бергені айтылады. Мәскеу бұған қатысы баын жоққа шығарады. Трамп пен оның жақтастары да баяндама қорытындысын жоққа терістейді.

Дональд Трамптың өзі бұған дейін бірнеше рет АҚШ арнайы қызметін сынаған. Ол Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға шақырып, Барак Обаманың Ресей АҚШ-та хакерлік шабуылдар жасады деген айыптаудан соң Мәскеуге қарсы салған санкцияларын жеңілдету мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG