Accessibility links

Қырғызстанның "Манас" халықаралық әуежайында Түркияның Стамбул қаласына ұшып бара жатқан жүк тасымалдайтын ұшақ аптақа ұшырады. Әуежайдың баспасөз қызметінің Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Түркиядағы әуе компаниясына тиесілі ұшақ әуежайға 16 қаңтар күні таңертең сағат 7 шамасында, қону алаңына жетпей апат болған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG