Accessibility links

ІІБ: Алатау аудандық ХҚКО-да бір адам қайтыс болды


Алматы қаласы Алатау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған жұрт. 10 қаңтар 2016 жыл.
Алматы қаласы Алатау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған жұрт. 10 қаңтар 2016 жыл.

Бүгін Алматы қаласы Алатау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) 50 жастағы ер адам жүрегі тоқтап қайтыс болды деп хабарлады аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімі.

Басқарманың мәлімдеуінше, ер адам таңғы сағат 10 шамасында ХҚКО ғимаратының ішінде кезек күтіп тұрғанда құлап қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция келген. Қазір осы жағдайға байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

11 қаңтарда Алматы облысы Іле ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығында да 59 жастағы ер адам қайтыс болған еді. Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған адамның осы аудандағы Боралдай ауылының тұрғыны екенін мәлімдеген.

Алматы қаласының халыққа қызмет көрсету орындарында соңғы аптада биылдан бастап күшіне енген азаматтарды уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруды міндеттейтін заң талабынан соң кезек көбейген.

XS
SM
MD
LG