Accessibility links

Ауғанстанда содырлар медресе оқытушыларын кепілге алды


Ауғанстанның Кандагар уәлаятындағы медресе (Көрнекі сурет).
Ауғанстанның Кандагар уәлаятындағы медресе (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның Нангархар уәлаятында "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының жергілікті медресенің кем дегенде 13 оқытушысын кепілге алды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ИМ содырлары оқытушыларды кеше Хаска Мина ауданында медреседен алып кеткен.

"ИМ содырлары оқытушыларды ұстап алып кететін кезде олар медреседе емтиханға дайындалып отырған" деді Азаттықтың Ауған редакциясына уәлаят губернаторының баспасөз хатшысы Атаулла Хугьяни. Ол қазір кепілдегілерді босату шаралары жасалып жатқанын айтқанымен, кепілдегілердің қауіпсіздігі мақсатында оларды босату операциясы жайлы егжей-тегжейлі айтудан бас тартты.

XS
SM
MD
LG