Accessibility links

Созылмалы науқас азаматтарға ХҚКО-ға қарбалас кезде бармауды сұрады


Алматы қаласы Алатау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған жұрт. 10 қаңтар 2016 жыл.
Алматы қаласы Алатау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған жұрт. 10 қаңтар 2016 жыл.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы созылмалы ауруы бар азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орындарына (ХҚКО) кісі қарасы көп, қарбалас кезде бармауды сұрады. Бұл туралы корпорация бүгін Алматының Алатау аудандық ХҚКО-да уақытша тіркеуге тұруға барған ер адам жүрегі тоқтап қайтыс болған оқиғадан соң мәлімдеп отыр. Корпорация ақпаратына қарағанда. жүкті әйелдер мен мүгедек деп танылған адамдар үшін ХҚКО-да жеңілдік терезелері жұмыс істейді және 1,2 топтағы мүгедек жандар құжаттарын реттеу үшін үйіне ХҚКО қызметкерлерін 1414 нөміріне қоңырау шалып шақырта алады.

Бүгін таңертеңгі сағат 10 шамасында Алатау аудандық ХҚКО-да ер адамның қайтыс болғаны хабарланған. Корпорацияның ақпаратына қарағанда, қайтыс болған кісі - 1964 жылы туған азамат Жарас Кунтаков деген азамат. Ресми ақпар бойынша, марқұм ХҚКО-ға әуелімен бірге уақытша тіркеуге тұру үшін барған. Өзін жайсыз сезінген Кунтаковқа ХҚКО-да кезекшіліктегі дәрігер алғашқы көмек көрсетіп, жарты сағат көлемінде жедел жәрдем қызметі келгенімен, ол жан тапсырған. Корпорация марқұм ХҚКо-ға барғанда онда адам саны көп болмағанын айтады. Бірақ жергілікті агенттіктерде жарияланған Алатау аудандық ХҚКО-да түсірілген деп жарияланған видеода адам қарасы мол көрінеді.

XS
SM
MD
LG