Accessibility links

Назарбаев қырғыз президенті Атамбаевқа көңіл айтты


Ұшақ құлаған жер. Бішкек маңы, 16 қаңтар 2017 жыл.
Ұшақ құлаған жер. Бішкек маңы, 16 қаңтар 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айтқанын Ақорданың ресми сайты жариялады.

Сайтта "Қазақстан Президенті ұшақ апаты салдарынан Бішкек қаласының маңында көптеген адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша қырғыз халқына көңіл айтты" деп жазылған.

Қаңтардың 16-сы күні таңертең Қырғызстанның Шу облысында орналасқан Манас халықаралық әуежайының маңындағы саяжайға Гонконгтен Стамбулға ұшып бара жатқан түркиялық жүк ұшағы құлады. Апаттан қаза тапқан адамдардың саны 32-ге жеткені хабарланды. Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Боронов "Оның 28-і Қырғызстан азаматтары, төртеуі - ұшақ экипажының мүшелері" деп мәлімдеді.

Әзірге ұшақтың құлау себебі анық емес. Оқиға орнында үкімет комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG