Accessibility links

Шымкентте АИ-92 бензинінің бағасы 5 теңгеге қымбаттады


Шымкенттегі Satti Zhol жаранмай бекеті. 16 қаңтар 2017 жыл.
Шымкенттегі Satti Zhol жаранмай бекеті. 16 қаңтар 2017 жыл.

Шымкентте АИ-92 маркалы бензин бағасының қымбаттағаны туралы Азаттыққа "Жанар-жағармай" ассоциациясы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілділігінің төрағасы Қайыпбек Қамбаров хабарлады.

Бүгін Шымкентте АИ-92 бензинінің жанармай бекеттерінде 137-139 теңгеден сатылып жатыр.

Жанармай бекеттерінің қызметкерлері соңғы бір аптадан бері бензин бағасы екі рет қымбаттағанын айтады. "Осыдан бір апта бұрын АИ-92 бензинін 133 теңгеден саттық. Содан кейін 135 теңгеге, бүгін 139 теңгеге көтердік" дейді аты-жөнін айтудан бас тартқан бекет қызметкері.

Қайыпбек Қамбаровтың айтуынша, бензин бағасының өсуіне АИ-92 бензині бағасының еркін нарыққа жіберілуі себеп.

- Стратегиялық тауар болғандықтан бақылауда ұстау керек еді. Біз әлі импортқа тәуелді мемлекетпіз. Мұнай өндіретін үш зауыт ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр. Бағаның қадағалаусыз қалғаны дұрыс емес. Бұл туралы бізге түскен шағымдар көп. Мұнай өндіретін зауыттардың қанша мұнай өндіретінін, өндірілген мұнай қайда кетіп жатқанын білмейміз. Ашықтық жоқ. Бұл да бензин бағасының көтерілуіне бір себеп, - дейді төраға.

Қайыпбек Қамбаровтың сөзінше, қыс мезгілінде техниканың 30-40 пайызы тоқтап, бензинге сұраныс азаяды. Бірақ бұған қарамай бензин тапшылығы байқалып, 4-5 теңгеге қымбаттап отыр.

XS
SM
MD
LG