Accessibility links

Маңғыстау облысында аштық жариялаған мұнайшылардың бірі ауруханаға түсті


OCC компаниясының жұмысшылары Маңғыстау облыстық әкімдігіне хат тапсыруға келіп тұр. Ақтау, 5 қаңтар 2017 жыл.
OCC компаниясының жұмысшылары Маңғыстау облыстық әкімдігіне хат тапсыруға келіп тұр. Ақтау, 5 қаңтар 2017 жыл.

Маңғыстау облысында аштық жариялаған Oil Construction Company компаниясы мұнайшыларының бірі Талғат Тоқтаров 11 қаңтар күні Түпқараған аудандық ауруханасына түскен.

Әріптестерінің айтуынша, ол Түпқараған ауданына отбасы мәселесімен барған кезде қан қысымы көтеріліп кеткен. Дәрігерлер оның денсаулығының бірқалыпты екенін айтады.

Тоқтаровты емдеуші дәрігер Қайрат Сәдуақасов Азаттыққа оның іші ауырып, жүрегі айнып, құсатынына шағымданғанын айтты.

- Оған панкреатит диагнозы қойылды. Қазір ем қабылдап жатыр. Бір-екі күнде шығады, - дейді Қайрат Сәдуақасов.

OCC-тың 400-ден астам мұнайшысы қаңтардың 5-сінен бері аштық жариялап, Қазақстан тәуелсіз кәсіподақ конфедерациясын тіркеуді талап етіп жатыр. Мұнайшылар аштығын өздері жұмыс істейтін Қаламқас, Жетібай кеніштерінде және вахталық ауысымнан шыққандары кәсіподақтың Ақтаудағы кеңсесінде жұмысты тоқтатпай жалғастырып жатыр.

ОСС мұнайшылары 2011 ден бері бірнеше мәрте ереуілдеткен еді. Сол жылы олар өздерінің тәуелсіз кәсіподақ ұйымын құрған болатын. Содан бері олар өздерінің жұмыс жағдайын жақсартуға, жалақыларын көбейтуге қол жеткізгендерін айтады.

XS
SM
MD
LG