Accessibility links

МАГАТЭ: Иран келісімнің басты талаптарының бірін орындады


Юкия Амано, МАГАТЭ басшысы.
Юкия Амано, МАГАТЭ басшысы.

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) мәлімдеуінше, Иран билігі әлемдік державалармен жасасқан келісімінің басты екі талабының бірін орындап, жерасты нысанындарының бірінде орналасқан құрал-жабдықты алып тастады. Ұйым басшысы Юкия Амано 16 қаңтарда жариялаған мәлімдемесінде Иран билігі Фордоу ядролық нысанындағы "артық центрифугалар мен инфрақұрылымдық элементтерді" кесімді мерзімде алып кеткенін хабарлаған.

2015 жылы жазда жасалған келісім шарттары бойынша, Иран Кум қаласының маңында орналасқан бұл ядролық нысанда 15 жыл бойы уран байыта алмайды. Иранға ғылыми зерттеулер жүргізуге және уранды байытумен байланысты емес басқа да мақсаттарға қажет 15 центрифуга ғана сақтауға рұқсат етілген. Келісім Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жеңілдетеді.

XS
SM
MD
LG