Accessibility links

Орландода гей-клубқа шабуылдаушының әйелі ұсталды


Омар Матин, Орландодағы гей-клубқа шабуыл жасады деген күдікті.
Омар Матин, Орландодағы гей-клубқа шабуыл жасады деген күдікті.

АҚШ-тың Орландо қаласында өткен жылы гей-клубқа келген адамдарды атып өлтірген Омар Матиннің әйелі Нур Салман Сан-Францискодағы үйінде ұсталды.

ABC телеарнасының Нур Салманның адвокаты мен федералдық тергеу бюросындағы (ФБР) дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, оған "соттың әділ өтуіне кедергі келтірді, шетелдік террористік топқа материалдық қолдау көрсетті және арандатты" деген айыптар тағылып отыр.

Салман 17 қаңтарда сотқа тартылуы керек.

Нур Салманның ері Омар Матин 2016 жылы маусымда 49 адамды өлтіріп, өзі полицияның қолынан оққа ұшқан. Ол экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымына адал болуға ант берген.

Шабуылдан соң күдіктінің әйелін бірнеше рет тергеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG