Accessibility links

Ресей "Тополь-М" зымыранын сынады


Архангельск облысының Плесецк космодромынан ұшырылған "Тополь-М" зымыраны. (Көрнекі сурет)
Архангельск облысының Плесецк космодромынан ұшырылған "Тополь-М" зымыраны. (Көрнекі сурет)

Ресей Плесецк космодромынан Камчатка түбегіндегі полигонда орналасқан шартты нысанаға "Тополь-М" құрлықаралық баллистикалық зымыранын атты.

"Зымыранның оқу-жаттығуға арналған әскери бөлігі полигондағы шартты нысананы асқан дәлдікпен атып түсірді. Бұл ұшырылым аталған типтегі құрлықаралық баллистикалық зымырандардың ұшу-техникалық сапасының тұрақтылығын тексеру мақсатымен жасалды" делінген Ресей қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Шахтаға орнатылатын үш сатылы, қатты отынмен ұшырылатын зымыран мен оның мобильді модификациясын Мәскеу жылу техникасы институты жасап шығарған. Зымыранды сынақтан өткізу 1994 жылы басталған, ал оның шахтаға орнатылатын түрі қорғаныс сапына 2000 жылы қосылған.

Зымыран 11 мың километр жерге жетеді. Оның ұшырылатын кездегі салмағы - 46,5 тонна. "Тополь-М" бір оқтұмсықты да алып ұшады.

XS
SM
MD
LG