Accessibility links

Байбек: Универсиадада Алматыға көліктердің кіруі шектеледі


Бауыржан Байбек, Алматы әкімі.
Бауыржан Байбек, Алматы әкімі.

Қысқы универсиада кезінде Алматыға көліктердің кіруіне белгілі бір шектеулер қойылады деп хабарлады бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Астанада өткен үкімет жиынында.

Байбектің сөзіне қарағанда, Алматы облысымен бірге универсиада кезінде қалаға техникалық, санитарлық және экологиялық нормаларға сай келмейтін көліктердің кіруін шектеу шаралары жасалып жатыр. Әкім сонымен бірге құқық қорғау органдарының өзара тиімді әрекет етуі пысықталып, "әлеуметтік шиеленіс ошақтарын алдын ала жою, мониторинг жүргізу шаралары жасалып жатқанын айтты.

Байбектің сөзіне қарағанда, 20 қаңтардан 10 ақпанға дейін барлық жер қазумен байланысты жөндеу жұмыстары тоқтайды, коммуналдық қызмет жұмысы күшейтіледі.

Бұған дейін Алматы әкімдігі 29 қаңтарда және 8 ақпанда қаладағы 9 ірі базар мен сауда орындары, оның ішінде "Алтын Орда" базары жабылатынын хабарлаған. Ал білім және ғылым министрлігі универсиада кезінде алматылық оқушыларға демалыс берілетінін хабарлаған.

Алматыда Қысқы универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

XS
SM
MD
LG