Accessibility links

АҚШ-та Ай бетіне шыққан соңғы астронавт қайтыс болды


Америкалық астронавт Юджин Сернан Ай бетінде тұр. 12 желтоқсан 1972 жыл.
Америкалық астронавт Юджин Сернан Ай бетінде тұр. 12 желтоқсан 1972 жыл.

АҚШ-та 82 жасында астронавт, Ай бетіне қонған соңғы адам ретінде белгілі Юджин Сернан қайтыс болды деп хабарлады NASA. Астронавт өз отбасында көз жұмған.

Юджин Сернан мен геолог Харрисон Шмитт 1972 жылы желтоқсанда Айда үш тәуліктен астам уақыт бойы болып, сол мерзім ішінде үш рет Ай бетіне шыққан. Ол Аполлон-11 миссиясының командирі ретінде Ай бетіне шыққан он бірінші адам болды.

Сернан ғарышқа үш рет ұшты. 1966 жылы ол ашық ғарышқа шыққан екінші америкалық астронавт атанған.

Юджин Сернан 1976 жылы NASA-дан бизнеске кетіп, АҚШ телеарналарында комментатор болып қызмет істеді. 2016 жылы оның өмірі туралы "Ай бетіндегі соңғы адам" деп аталған деректі фильм шықты.

XS
SM
MD
LG