Accessibility links

Молдова президенті Путинмен Приднестровье мәселесін талқыламақ


Игорь Додон, Молдова президенті.

Ресей ақпарат құралдары Молдова президенті Игорь Додон Мәскеуге барғанын хабарлады. Додон 17 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Келіссөздің күн тәртібінде Молдованың жікшіл Приднестровье аймағының мәртебесі тұр.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, келіссөзде сонымен қатар екі жақты сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық жайы да талқыланбақ.

Мәскеу қолдайтын Приднестровье аймағы Молдовадан 1990 жылы тәуелсіздігін жариялаған. 1992 жылы болған қақтығыстан соң Ресей Приднестровьені қолдап, қақтығысқа киліккен. Приднестровьенің тәуелсіздігін бір де бір мемлекет мойындамайды.

Додон Молдова президенті болып 2016 жылы қарашада сайланған. Ол өзінің президент ретіндегі шетелге алғашқы сапарын Мәскеуден бастайтынын айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG