Accessibility links

Алматыда Бішкектегі ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек жинап жатыр


"Мен алматылықпын" қоғамдық бірлестігінің еріктілері Қырғызстандағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге материалдық көмек жинап жатыр. Алматы, 17 қаңтар 2017 жыл.

Алматыда бүгін "Мен алматылықпын" деп аталатын қоғамдық бірлестігінің еріктілері Қырғызстандағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге материалдық көмек жинап жатыр деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылған акцияда тұрғындар азық-түлік, санитарлық заттар, киім-кешек әкеліп беріп жатыр. Бірлестік өкілі Арман Шегеновтің Азаттыққа айтуынша, жылу бүгін кешкі сағат 7-ге дейін жиналады. Бұдан соң арнайы топ жиналған материалдық көмекті Қырғызстан шекарасына дейін апарады. Шекарадан ары қарай қырғызстандық топ алып кетеді.

Қаңтардың 16-сы күні Қырғызстан астанасы Бішкекке жақын жердегі Манас халықаралық әуежайы маңында Гонконгтен Стамбулға ұшып бара жатқан түркиялық Боинг-747 жүк ұшағы саяжай үйлеріне құлап, соңғы мәлімет бойынша 37 адам қаза тапты. Құрбандардың 33-і - Қырғызстан азаматтары, төртеуі - ұшақ экипажының мүшелері. Апаттан бірнеше адам жараланды.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы тілшісі. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG