Accessibility links

Түркіменстан ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасары "түрмеде" көз жұмған


Тиркиш Тырмыев, Түркіменстан ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасары.
Тиркиш Тырмыев, Түркіменстан ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасары.

Түркіменстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) басшысының бұрынғы орынбасары Тиркиш Тырмыев кейбір ақпарат бойынша түрмеде көз жұмған. "Prove They Are Alive" халықаралық құқық қорғау кампаниясы мәлімдеме таратып, 66 жастағы Тырмыевтың денесі 13 қаңтарда туыстарына тапсырылғанын хабарлады. Бұдан үш күн бұрын Тырмыевтың қызы Facebook-те отбасы Ашғабадта әкесінің денесін алғанын жазған.

Тырмыевтың қазасы әзірге ресми түрде расталған жоқ. Бірақ Ашғабадтағы дереккөздері Азаттыққа марқұмның денесі туыстарына берілгенін растады.

Тырмыев 2002 жылы сәуірде ұсталып, мамырда билікті теріс мақсатта пайдаланды деген айыппен 10 жылға сотталған. Онымен бірге ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Мұхаммед Назаров және комиттетің жоғары шенді өзге бірнеше қызметкері де ұсталған. 2012 жылы Тырмыевтың жаза мерзімі аяқталуға бірнеше күн қалғанда оған түрме қарауылына соқтықты деген айып тағылып, жаза мерзімі 2019 жылға дейін ұзартылған.

XS
SM
MD
LG