Египет билігі ұлттық футбол құрамасының бұрынғы ойыншысы, белгілі футболшы Мохаммед Абутриканы елде тыйым салынған "Мұсылман бауырластар" ұйымымен байланысы бар деп, террористер тізіміне енгізді. Бұл туралы футболшының адвокаты хабарлады.
2013 жылы мансабы аяқталғанын жариялаған Абутрика Каир қылмыстық сотының өзіне "Мұсылман бауырластар" қозғалысын қолдады" деп таққан айыбын жоққа шығарады. Қозғалыстың өзі де биліктің бұл айыбын терістейді. Египетте "Мұсылман бауырластар" қозғалысы террористік ұйымдар тізіміне енгізілген.
37 жастағы бұрынғы футболшы, Египет құрамасында 10 жыл бойы жартылай қорғаушы болған Мохаммад Абутрик қазір Габонда Африка елдері кубогы турнирінің комментаторы ретінде тіркелген. Бұрынғы футболшының адвокаты Абутриктің Египетке қашан келетіні туралы айтудан бас тартып, Каир сотының шешіміне шағымданатынын мәлімдеді.