Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.
Басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шымкенттегі "ҚуатЖылуОрталығы" жаңа тариф енгізген. Ол бойынша, бір шаршы метрге жылу құны 123 теңге деп белгіленді.
Бұл өткен жылғы тарифтен 11 пайызға, яғни 13 теңгеге қымбат. Кентау қаласы бойынша тариф 128 теңге деп белгіленді. Бұған дейін баға 96 теңге болған, - дейді ол.
Марғұлан Марайым аймақта электр қуаты, ауыз су, табиғи газ тарифі өспегенін хабарлады.
Тұрғындар жаңадан енгізілген жылу тарифі туралы түбіртекті 25 қаңтардан ала бастайды.