Accessibility links

Сот "Шымкент пивоны" банкрот деп танудан бас тартты


Шымкент сыра зауытының қақпасы. 30 қаңтар 2016 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы "Шымкент пиво" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін банкрот деп жарияламау туралы Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үкімін өзгеріссіз күшінде қалдырды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің Азаттыққа айтуынша, "Шымкент пиво" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін банкрот деп жариялау туралы апелляциялық шағымды Ресей азаматы Агаджан Аванесов түсірген. Апеляциялық алқаға судья Виталий Мирошников төрағалық еткен.

Агаджан Аванесов бұдан бұрын облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірген болатын. Онда шағымданушы "Шымкент пивоның" 4,5 миллион доллар көлемінде қарыз екенін айтып, банкрот деп жариялауды сұраған. Алайда экономикалық сот нақты дәлелдемелер болмағандықтан шағымданушының талабын қанағаттандырмаған.

"Облыстық соттың апелляциялық алқасы Агаджан Аванесовтың апелляциялық шағымын қарап, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды" дейді баспасөз қызметі.

Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешов 2016 жылы қаңтардың соңында ұсталып, қарашаның 17-сі күні Астананың әскери соты оны "билікті күшпен басып алмақ болды" және "жер дауына қатысты митингілерді қаржыландырды" деген айыптармен 21 жылға соттаған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG