Accessibility links

Иран Астанадағы Сирия келіссөзіне АҚШ-тың қатысуына қарсы


Мохаммад Жавад Зариф, Иран сыртқы істер министрі.
Мохаммад Жавад Зариф, Иран сыртқы істер министрі.

Иран АҚШ-тың келесі аптада Сирия бойынша Астанада өтетін бейбіт келіссөзге қатысуына қарсылық білдірді. Бұған дейін келіссөзді ұйымдастырушылар Ресей мен Түркия АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп әкімшілігі 23 қаңтарда Астанада өтеді делінген келіссөзге қатысуы керегін мәлімдеген.

"Біз оларды шақырған жоқпыз, олардың қатысуына қарсымыз" деді Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф.

"Келіссөздің бұл кезеңінде біз үшжақтылық принципін ұстануымыз керек. Оғна қайдан да бір тарап қосылса келіссөздің сәтсіздікке ұшырау қаупі артады" деді Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Бахрам Гасеми 18 қаңтарда France Press агенттігіне.

2016 жылдың желтоқсанында Сирия үкімет күштері елде оппозицияшыл көтерілісшілердің басты тірегі болған Алеппо қаласын азат еткен соң Ресей, Иран және Түркия бейбіт келіссөз бастауға шақырған.

Сириядағы соғыста Иран мен Ресей президент Башар Асадты, ал Түркия көтерілісшіл топтарды қолдайды.

XS
SM
MD
LG