Accessibility links

Ресейде Навальныйге қарсы сот ісі қайта жалғасты


Алексей Навальный, ресейлік оппозицияшыл саясаткер
Алексей Навальный, ресейлік оппозицияшыл саясаткер

Ресейлік оппозиционер, Коррупциямен күрес қорын құрушы әрі президент Владимир Путиннің бәсекелесі Алексей Навальныйға қатысты сот процесі бүгін жаңа жылдық демалыстан соң қайта жалғасты.

Мәскеуден солтүстікке қарай 800 километр қашықтықтағы Киров қаласының сотында өтіп жатқан процесте бүгін куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Навальныйдың ісі бойынша сот процесі желтоқсанда - Ресей Жоғарғы соты билік қаржы жымқырды деп айыптаған Алексей Навальный мен кәсіпкер Петр Офицеровке шыққан үкімді жойып, "Кировлес" ісін қайта қарауға жіберген соң басталған.

40 жастағы Навальный бұл іс бойынша алғашқы сот инстанциясында шартты мерзімге сотталған. Навальный бұл істің саяси астары бар және ол өзінің оппозициялық қызметімен байланысты дейді. Ресейде 2011-2012 жылдардағы үкіметке қарсы қарсы үлкен наразылық шерулерінің жетекшісі болған Навальный 2014 жылы басқа бір іс бойынша алаяқтық жасады деген айыппен үш жыл шартты мерзімге сотталған.

Навальный Ресейде 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысу жоспары барын жариялаған. Бірақ егер ол қайта басталған сот ісі бойынша айыпты деп танылса, саяси қызметтен үміт қыла алмайды.

XS
SM
MD
LG