Accessibility links

Шымкентте Төлешовке қатысты күдіктінің ісі қарала бастады


ҰҚК мұны "кәсіпкер Тоқтар Төлешев құрған қылмыстық топтан тәркіленген қару-жарақ" деп көрсеткен. Астана, 11 шілде 2016 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында "бизнесмен Тоқтар Төлешовтің қылмыстық тобына қатысы бар" деп танылған күдікті Руслан Иргибаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті.

Күдікті Руслан Иргибаевтың ісі өте құпия болғандықтан сот процесі жабық түрде өтеді деп шешілген.

Бұған дейін әскери сот қылмыстық топқа қатысы бар күдіктінің ісі денсаулығына байланысты жеке қаралатынын мәлімдеген. "Руслан Иргибаев қылмыстық топтың мүшесі болғанымен, оның негізгі құрамынан емес" деген әскери соттың баспасөз қызметі.

Шымкент сыра зауытының иесі болған кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылы қаңтардың 30-ында Шымкент қаласында полиция жүргізген жедел-іздестіру шарасында ұсталған. Бизнесменге қылмыстық кодекстің 266-бабы («Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу») және 297-бабы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша айыптар тағылған. Тоқтар Төлешов «заңсыз қару сақтап және ұстағанын» ғана мойындаған.

2016 жылы қарашаның 7-сі күні Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әскери сот Тоқтар Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге, дүние-мүлкін тәркілеуге, мемлекеттік марапаттарынан айыруға үкім еткен.

Тоқтар Төлешовтің ісіне байланысты сотқа тартылған 24 адамның біразы да түрме жазасына кесілген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG