Accessibility links

Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері отставкаға кетті


Қазақстандық ойыншылар бапкер Какауға құрмет көрсетіп жатыр.
Қазақстандық ойыншылар бапкер Какауға құрмет көрсетіп жатыр.

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері бразилиялық Какау қызметінен кетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан футзал федерациясы хабарлады.

Какаудың орнына тағы бір бразилиялық маман Жозе Алесио Да Силва тағайындалды. Ал Какау алматылық "Қайрат" командасының бас бапкері жұмысын жалғастыра береді.

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа чемпионатында қола медаль иеленген. Өткен жылы Қазақстан құрамасы Колумбияда өткен әлем чемпионатының ширек финалына дейін жетті. Екі жарысқа да Қазақстан футзал құрамасының Какау дайындаған.

XS
SM
MD
LG