Accessibility links

"Үкімет азаматтар үшін" корпорациясының басшысы қызметінен кетті


Алматы қаласы Алатау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған жұрт. 10 қаңтар 2016 жыл.
Алматы қаласы Алатау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған жұрт. 10 қаңтар 2016 жыл.

"Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясының" басқарма төрағасы Данияр Еренчинов қызметінен босатылды деп хабарлады ақпарат және коммуникация министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Министрліктің мәліметінше, корпорация басқарма төрағасы Еренчинов қызметінен "өз еркімен" кеткен. Корпорацияның директорлар кеңесі Еренчиновтің отставкасын мақұлдаған.

10 қаңтарда өткен үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев азаматтарды уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруды міндеттейтін заң талабын орындаудан туындаған мәселе бойынша "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясының жұмысын сынаған.

Қаңтардан бастап уақытша мекенжайы бойынша тіркеу туралы заң талабы күшіне енген соң халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) адам қарасы көбейіп, ұзын-сонар кезек пайда болған. Сағынтаев жиында Данияр Еренчиновті корпорацияның азаматтарды онлайн режимінде тіркеу қызметін қоспағанын айтып, сөккен.

XS
SM
MD
LG