Accessibility links

Түркияда шабуылға қатысты Орталық Азиядан шыққан 27 адам ұсталды


Шабуыл жасалған Reina түнгі клубын күзетіп тұрған қарулы полиция қызметкері. Стамбул, 1 қаңтар 2017 жыл.
Шабуыл жасалған Reina түнгі клубын күзетіп тұрған қарулы полиция қызметкері. Стамбул, 1 қаңтар 2017 жыл.

Түркия полициясы 18 қаңтарда Стамбулда жаңа жыл түні түнгі клубқа шабуыл жасады деген күдікті, Өзбекстан азаматы Абдулкадир Машариповпен байланысы бар делінген, көпшілігі Орталық Азия елдерінен шыққан 27 адамды ұстады.

Мемлекеттік Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Түркияның антитеррорлық құрылым жасақтары 27 адамды елдің солтүстік-батысындағы Бурса қаласында жеті адрес бойынша жүргізген рейдінде ұстаған. Ұсталғандардың көпшілігі Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары. Күдіктілердің кейбірі қытайлық ұйғыр ұлтының өкілдері. 27 адамның 15-і - әйелдер.

Anadolu полиция 29 баланы қарауына алып, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мен шетел азаматтары арасында делдал болды делінген күдікті Тәжікстан азаматына қатысты пәтерден 15 ұялы телефон мен жалған төлқұжаттар тәркілеген.

Hurriyet газетінің хабарлауынша, Машарипов полицияға клубқа шабуылдағанын мойындап, Сирияның Ракка қаласында орналасқан ИМ басшыларының нұсқауымен әрекет еткенін айтқан. Басылымның дерегіне қарағанда, Машарипов әуелгіде шабуылды Стамбулдағы әйгілі Таксим алаңында жасамақ болған. Бірақ соңғы сәттерде алаңдағы қауіпсіздік шараларының күштілігінен шабуыл нысанын өзгерткен.

қаңтардың 1-і күні түнде Reina клубына қарулы адам басып кіріп, оқ жаудырған. Шабуылдан 39 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. ИМ шабуыл жауапкершілігін мойнына алып, оның Түркияның Сирияға әскери киліккеніне кек алу үшін жасалғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG