Малидің орталық бөлігіндегі Гао қаласына жақын әскери лагерь маңында жанкешті мінген көлік жарылып, кем дегенде 60 адам қаза тапты. Жарылыстан аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға қызмет етіп жүрген тағы 115 әскери қызметкер мен бұрынғы жасақ сарбаздары жараланған.
Жарылыстың жауапкершілігін "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар "Ислам Магрибындағы Әл-Қаида" тобы мойнына алып, шабуылдың Мали әскерінің "француз басқыншыларымен" ынтымақтасқаны үшін кек алу деп
Лагерде үкімет әскері мен олармен бірге БҰҰ-ның арағайындығымен жасалған бейбіт келісім бойынша шөлде бірге патруль жасап жүрген қарулы топтардың жасақтары бар.
2013 жылы Францияның Малидегі жанжалға әскери килігуі нәтижесінде бір жыл бұрын исламшылдар басып алған елдің солтүстік бөлігі азат етілген. Бірақ содырлар аймақта әлі де әрекет етеді әрі үкіметшіл жасақтар мен көтерілісшіл топтар арасында кикілжің бары байқалады.