Accessibility links

Алматы-2 темір жол вокзалында бүгін таңертең резервте тұрған жолаушылар вагоны өртенді. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, вагондағы өрттен ешкім зардап шеккен жоқ, өрт сөндірілді. Вагон қосалқы жолда тұрған.

Департаменттің баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова "жеке тұрған вагон қатты түтіндегенін" айтады. Вагондағы өрт ол туралы хабар түскеннен бір сағаттан соң сөндірілген.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, вагондағы өрт алдын ала болжам бойынша "қатты отынмен жанатын пештің қараусыз қалып кетуінен" шыққан.

1 ақпаннан бастап Алматыдағы темір жол вокзалдарында жолаушылар мен олардың жүктері тексеріледі. "Қазақстан темір жолы" компаниясының хабарлауынша, "қауіпсіздік деңгейін күшейтуді көздейтін" мұндай шаралар кейіндеу Қазақстанның басқа да қалаларында енгізілмек.

AzattyqTV

AzatNews 24.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:17:38 0:00
XS
SM
MD
LG