Accessibility links

Обама: АҚШ Ресейге санкцияның не себепті салынғанын ұмытпауы керек


Барак Обама өзінің соңғы баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Вашингтон, 18 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтон Мәскеуге қарсы санкциялардың Ресей Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдаған соң енгізілгенін ұмытпауы тиіс деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы ретіндегі соңғы баспасөз конференциясында сөйлеген Обама санкция мәселесін қашан да жеке қарастыру керегін айтты.

Бірер күн бұрын 20 қаңтарда қызметіне кірісетін АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Ресей егер өзінің ядролық қаруын азайтса, онда санкцияларды жоюға болатынын мәлімдеген. Барак Обама Ресейде Владимир Путин президент болып тұрған уақытта антиамерикалық көңіл-күйдің артқаны байғалғанын және оның қырғи-қабақ соғысы кезеңіндегі жағдайдың қайта оралуына жол ашып, екі жақты қарым-қатынасты ушықтыра түсетінін айтты.

Обаманың сөзіне қарағанда, Вашингтонның Мәскеумен конструктивтік қарым-қатынас орнатуы АҚШ және бүкіл әлем мүддесіне сай келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG