Accessibility links

Бюро: Денсаулық сақтау министрлігінің шенеунігі пара алу күдігіне ілінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының директоры Қанат Сәкиев пара алған деп хабарлады Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.

Бюро баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Сәкиев жеке кәсіпкерлерден дәрі-дәрмек жеткізу туралы сатып алу келісімшарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін тұрақты түрде пара алып отырғанын мойындаған.

Қазір бұл факті сот алды тергеу жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG