Accessibility links

OCC компаниясының аштық ұстаған жұмысшыларға шағымы қаралып жатыр


ОСС компаниясының аштық жариялаған жұмысшылары. Ақтау, 18 қаңтар 2017 жыл.
ОСС компаниясының аштық жариялаған жұмысшылары. Ақтау, 18 қаңтар 2017 жыл.

Ақтау қалалық №2 сотында бүгін Oil Construction Company (OCC) компаниясының республикалық тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын жаппауды талап етіп, аштық жариялап жатқан бірнеше жұмысшысына қарсы шағымы қаралып жатыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, OCC 18 қаңтарда сегіз жұмысшысының үстінен берген шағымында жұмысшылардың компанияның кәсіподағы кеңсесінде аштықты заңсыз ұстап жатқанын, аштық жариялауға рұқсат берілмегенін айтады. Сотты судья Дүниязада Кеншимова қарап жатыр. Сотқа журналистерді кіргізбеді.

Компания соттан жұмысшылардың кәсіподақ ғимаратында аштық акциясын заңсыз деп тануды, жұмысшыларға, кәсіподақ басшылығы мен мүшелеріне кәсіподақ ғимаратына аштық жариялауына тыйым салуды, аштық жариялаушыларға кәсіподақ кеңсесін босатуға міндеттеуді сұрайды.

Маңғыстау облысындағы Oil Construction Company компаниясының жүздеген мұнайшысы республикалық тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын тіркеуді сұрап, аштық жариялағандарына екі аптаға таяды. Олардың қатарын қаңтардың 17-сінен бері компания қызмет көрсететін Қаламқас және Жетібай кеніштерінен келген жүздеген мұнайшы толықтырып, алғашқыда 90-нан астам болған наразы жұмысшының саны қазір 400-ге тақады.

XS
SM
MD
LG