Accessibility links

Тегеранда өрттен көп қабатты ғимарат құлады


Тегеранда қирап құлаған Plasco көп қабатты сауда үйі. 19 қаңтар 2017 жыл.
Тегеранда қирап құлаған Plasco көп қабатты сауда үйі. 19 қаңтар 2017 жыл.

Тегеранда бүгін өрт шыққан көп қабатты Plasco сауда үйі қирап құлады. Ғимарат қирауынан адам шығыны бар-жоғы әзірге белгісіз.

Кейбір ақпаратқа қарағанда, ғимараттан адамдар эвакуацияланғанымен, оның ішінде өрт сөндірушілер болған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, таңертең әуелі ғимаратта өрт шығып, одан кемінде 25 адам жараланған.

Полиция сауда үйі орналасқан көшелерді жапты.

1960 жылдардың басында салынған Plasco сауда үйі - Тегерандағы алғашқы көп қабатты ғимараттардың бірі. Ғимаратта сауда орталығы мен киім-кешек дүкендері болған.

XS
SM
MD
LG