Accessibility links

Бішкек: Boeing-тің қара жәшігі Мәскеуге жөнелтілді


Бішкек түбіндегі елді мекенге құлаған ұшақ бөлшегі. Қырғызстан, 16 қаңтар 2017 жыл.
Бішкек түбіндегі елді мекенге құлаған ұшақ бөлшегі. Қырғызстан, 16 қаңтар 2017 жыл.

Бішкек әуежайы маңында апатқа ұшыраған Boeing жүк ұшағының кабинасындағы ақпаратты жазып алатын құрылғы ("қара жәшік") оқыту үшін Мәскеуге жіберілді деп хабарлады Қырғызстан билігі. Қара жәшіктегі мәліметтерді Мемлекетаралық авиациялық комитет мамандары зерттейді.

Бүгін бұған дейін түркиялық Boeing 747 ұшағының қаза тапқан үш ұшқышының мәйіті арнайы ұшақпен Түркияға жөнелтілген.

Түркияның ACT Airlines компаниясына тиесілі жүк ұшағы 16 қаңтар күні "Манас" әуежайы маңындағы елді мекенге құлаған. Гонконгтан Стамбулға ұшып бара жатқан ұшақ Бішкекке аялдауы тиіс болған.

Қырғызстан билігінің мәліметінше, ұшақ апатынан 38 адам құрбан болды. Олардың 34-і - ұшақ құлаған ауылдың тұрғындары, қалған төртеуі - ұшақ экипажының мүшелері.

XS
SM
MD
LG