Accessibility links

Италияда қар көшкінінен соң әлі 30 адам табылмай жатыр


Абруццо аймағының Фариндола коммунасында қар көшкіні басып қалған Rigopiano қонақүйі. Италия, 19 қаңтар 2017 жыл.
Абруццо аймағының Фариндола коммунасында қар көшкіні басып қалған Rigopiano қонақүйі. Италия, 19 қаңтар 2017 жыл.

Италия билігінің мәліметінше, елдің орталық бөлігіндегі тау етегінде орналасқан қонақүйді қар көшкіні басып қалғаннан бір тәуліктен соң әлі 30 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Олардың барлығы қаза тапқан болуы да мүмкін. Қаңтардың 18-і күні болған қар мен тау жынысы көшкіні астынан 18 адамның денесі аршып алынған. 19 қаңтар күні кешке қарай екі адам құтқарылды.

Абруццо аймағының Фариндола коммунасындағы қар көшкінінен із-түзсіз жоғалғандар қатарында Rigopiano қонақүйінің қонақтары мен қызметкерлері бар. Көшкін астында қалғандарды іздеу жұмыстарына ауа-райы кедергі келтіріп тұр. Соңғы күндері бұл ауданға қар қалың түскен. 18 қаңтарда болған қар көшкініне жер селкінісі себеп болғаны әзірге белгісіз.

Соңғы бірнеше айда Италияның орталық бөлігі бірнеше рет болған жер сілкінісінен зардап шекті. Мұнда қуатты зілзаланың бірі өткен жылы тамызда болып, одан 300-ге тарта адам құрбан болған.

XS
SM
MD
LG