Accessibility links

АҚШ-та ұсталған қазақстандық "ИМ-ді қолдағанын" мойындады


Сот залындағы Ахрор Сайдахметов (сол жақтан үшінші), оның соттағы аудармашысы (ортада) және Абдурасул Журабоев (оң жақтан үшінші) бейнеленген сурет. Нью-Йорк, 25 ақпан 2015 жыл.
Сот залындағы Ахрор Сайдахметов (сол жақтан үшінші), оның соттағы аудармашысы (ортада) және Абдурасул Журабоев (оң жақтан үшінші) бейнеленген сурет. Нью-Йорк, 25 ақпан 2015 жыл.

АҚШ-та "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына болысты деп айыпталған Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов ИМ-ге материалдық көмек көрсету туралы астыртын сөз байласқанын мойындады деп хабарлады 19 қаңтарда АҚШ әділет министрлігі.

21 жастағы Ахрор Сайдахметов 2015 жылы ақпанда Нью-Йорк әуежайында ұсталған. АҚШ билігінің мәліметінше, Сайдахметов Түркияға баратын рейске отырып, одан ары Сирияға кетпек болған.

Прокурорлардың сөзінше, Сайдахметов Сирияға ИМ қатарына қосылуға және қайтып келген соң АҚШ территориясы мен шетелде зорлық-зомбылық жасауды жоспарлаған. Сайдахметов кінәлі деп танылса, 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

АҚШ-та бұл іс бойынша Өзбекстанның үш азаматы сотталып жатыр. АҚШ билігі оларға АҚШ тұрғындарын ИМ-ге қосу мақсатымен Сирияға жөнелтпек болып ақша жинаған деген айып таққан.

XS
SM
MD
LG