Accessibility links

Испания: АҚШ-та хакерлік әрекет жасаған күдікті ресейлік қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Испания билігі АҚШ хакерлік шабуыл жасады деген күдікпен сұрау салған ресейлік Станислав Лисовтың оны экстрадициялау мәселесін шешкенге дейін қамалғанын хабарлады.

Испания ұлттық сотының 19 қаңтарда хабарлауныша, 31 жастағы Лисов 13 қаңтарда Барселона әуежайында ұсталған соң қамалған. Күдікті Интерпол оған АҚШ Федералдық тергеу бюросының сұрауымен іздеу жариялаған соң ұсталған.

Соттың баспасөз хатшысы судьяның Лисовты АҚШ таққан "қылмыстық сөз байласып, электрондық және компьютерлік алаяқтық жасады" деген айып бойынша видеоконференция арқылы тергегенін айтады. Күдікті оған тағылған айып болғандықтан және соттан жалтарып, қашып кетуі мүмкін деген себеппен қамауға алынған. Лысов бұған дейін АҚШ-тан да қашып кеткен.

Испания полициясы Лисовты Испаниядан әйелімен бірге ұшып кетейін деп тұрғанда ұстаған.

XS
SM
MD
LG