АҚШ әскерилері Сирияда Идлиб провинциясында әуе шабуылынан "Әл-Қаида" жетекшілерінің бірінің көзін жойғанын хабарлады. Пентагон 19 қаңтардағы хабарламасында көзі жойылған содырды тунистік Мохаммад Хабиб Буссадун әл-Туниси деп сипаттап, оның ұйымның "сыртқы операциялар бойынша" жетекшісі болғанын айтады.
"Әл-Қаида" жетекшісі "Батыс елдерінде террорлық шабуылдар жасау туралы астыртын сөз байласқан делінеді.
Пентагон көзі жойылған содыр 2014 жылы Сирияға бармас бұрын Еуропа мен Таяу Шығыста бірнеше жыл болып, ол жақта көптеген экстремистермен байланыс орнатқанын айтады.
"Оның өлімі "Әл-Қаидадағы" тәжірибелі, сыртта байланысы көп әрі шетелдерде операция жүргізу тәжірибесі мол жетекшілердің қатарын азайта түседі" делінген Пентагонның ақпаратында.