Accessibility links

Вашингтонда Трамптың инаугурациясына дайындалып жатыр


Дональд Трамп отбасы мүшелерімен бірге Вашингтондағы Линкольн мемориалында. Вашингтон, 19 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ-та бүгін жаңа сайланған президент Дональд Трампты инаугурациялау болады. Трамп 19 қаңтарда Вашингтонға барды. Бүгін вице-президент болып сайланған Майк Пенс те қызметіне кіріседі.

Инаугурацияға қызметінен кетіп бара жатқан президент Барак Обама мен вице-президент Джо Байден де отбасымен қатысады. Салтанатты шараға АҚШ-тың бұрынғы президенттері Джимми Картер, кіші Джордж Буш, Билл Клинтон мен оның жұбайы, президент сайлауныда Трампқа бәсекелес болған Хиллари Клинтон да шақырылған.

Дональд Трамп инаугурация қарсаңында Арлингтон зиратындағы Белгісіз солдат қабіріне гүл шоғын қойып, Вашингтонның орталығындағы мерекелік концертке барды. "Біз Американы біріктіріп, оны қайтадан ұлы ел жасағымыз келеді" деді концертте сөйлеген Трамп.

Инаугурацияға орай Вашингтонда қауіпсіздік шаралары қатты күшейтіліп, 28 мыңға тарта полиция қызметкері көшелер мен жолдарға қоршаулар мен блокпосттар қойды, орталық алаңда құм тиеген жүк көліктері тұр.

Бүгін Вашингтон мен Нью-Йоркте және басқа да қалаларда Дональд Трампқа қарсы жаппай наразылық шерулері өтеді деп жоспарланған.

AzattyqTV

Қарағанды облысы

Ереуілдің төртінші күні

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG