Accessibility links

Горбачевті Вильнюстегі телемұнараны басып алу ісі бойынша сотқа шақыртты


Михаил Горбачев, СССР-дің бұрынғы басшысы.
Михаил Горбачев, СССР-дің бұрынғы басшысы.

СССР президенті Михаил Горбачевті Вильнюс округтік сотына 1991 жылдың 13 қаңтарындағы антисоветтік наразылықты басып-жаншу ісі бойынша куәгер ретінде жауап беруге шақыртты. 1991 жылы Вильнюсте совет әскері телемұнараны шабуылдап қайтарып алу кезінде жүз шақты адам қаза тапқан.

Delfi агенттігінің хабарлауынша, судья шақыртуды Мәскеудегі Горбачев қоры қабылдап алғанын, оны Горбачевтің өзі қол қойып қабылдап алған. Бірақ Горбачев сотта жауап беретіні және қалай жауапталатыны белгісіз. Бұған дейін Вильнюс округтік соты Горбачевтің сот отырысына келуін міндеттемейтінін, жауабын видеоконференция арқылы тыңдауға дайын екенін мәлімдеді.

Литва билігі Михаил Горбачевті телемұнараны шабуылдап басып алу ісіне қатысты бірнеше рет тергемек болған. Бірақ Ресей жағы одан бас тартып келген.

Горбачевті бұл іс бойынша сотқа куәгер ретінде тартуды 1991 жылғы оқиғада қаза тапқандардың бірінің ұлы сұраған. Қаза тапқан адамның ұлы Горбачев КГБ арнайы жасағының Вильнюстегі телемұнараны шабуылдап басып алмақ болғанын білген болуы мүмкін дейді. Горбачевтің өзі телемұнараны басып алуға бұйрық бермегенін айтады.

Телемұнараны басып алуға қатысты іс 2016 жылдың басынан қаралып жатыр. Қазір сот қылмыстық іске жәбірленуші ретінде тартылған 500-ге жуық адамнан жауап алып жатыр.

XS
SM
MD
LG