Accessibility links

АҚШ-та президент Трамптың инаугурациясы өтіп жатыр


АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп пен зайыбы Меланья Трамп. Вашингтон, 20 желтоқсан 2017 жыл.
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп пен зайыбы Меланья Трамп. Вашингтон, 20 желтоқсан 2017 жыл.

АҚШ-та жаңа сайланған президент Дональд Трампты ұлықтау рәсімі басталды. Ол - ел тарихында президент болған алғашқы миллиардер.

Дональд Трамптың инаугурациясына қызметінен кетіп бара жатқан президент Барак Обама мен вице-президент Джо Байден отбасымен қатысады. Салтанатты шараға АҚШ-тың бұрынғы президенттері Джимми Картер, кіші Джордж Буш, Билл Клинтон мен оның жұбайы - президент сайлауында Трампқа бәсекелес болған Хиллари Клинтон да шақырылған.

Reuters мәліметінше, Трамп инаугурациядан кейін Орталық барлау басқармасының штаб-пәтеріне бармақ.

Бүгін елдің 45-президенті Трамппен бірге вице-президент Майкл Пенс те ант береді.

ВИДЕО: Дональд Трампты ұлықтау рәсімі

Инаугурацияға орай Вашингтонда қауіпсіздік шаралары қатты күшейтіліп, 28 мыңға тарта полиция қызметкері көшелер мен жолдарға қоршаулар мен блокпосттар қойды, орталық алаңда құм тиеген жүк көліктері тұр.

Трамптың инаугурациясымен қабаттас елдің бірнеше қаласында оған қарсы акциялар да өтіп жатыр. Вашингтондағы шерушілер полициямен қақтығысып қалды. Нью-Йорктегі Trump International отелінің алдында өткен митингіге актерлер Роберт Де Ниро, Салли Филд, Синтия Никсон, Марк Руффало, кинорежиссер Майкл Мур, қала мэрі Билл Де Блазио да қатысты.

XS
SM
MD
LG