Accessibility links

Трамп: "Басты басымдылық - Америка"


АҚШ президенті Дональд Трамп ұлықтау рәсімінде тұр. Вашингтон, 20 қаңтар 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп ұлықтау рәсімінде тұр. Вашингтон, 20 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп өзі үшін ең маңызды саяси басымдылық Америка екенін мәлімдеді. Вашингтонда өткен ұлықтау рәсіміндегі сөзінде Трамп барлық шешімдерін, оның ішінде сыртқы саясаттағы іс-қимылдарын осындай ұстанымға негіздейтінін айтты.

Ол америкалықтар үшін жұмыс орындарын ашып, шекараны нығайтуға уәде берді.

Халықаралық мәселелерге келгенде Трамп бүкіл әлемді "исламшыл терроризмге" қарсы жұмылдыратынын, бұрынғы одақтарды реформалап, жаңаларын құратынын ескертті.

"Әрекет қылатын мезгіл туды, бос әңгіменің заманы өтті" деді Дональд Трамп.

20 қаңтарда Трамп Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде жүздеген мың адамның алдында АҚШ-тың 45-президенті ретінде ант берген. Ол - АҚШ тарихында президент болып сайланған алғашқы миллиардер кәсіпкер.

XS
SM
MD
LG