Бүгін түнде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 366 километр қашықтықта 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.
Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 2:06 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, жер қабатының 10 километр тереңдігінде болған деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,1.
Жерасты дүмпуінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.