Accessibility links

Түркия Асадтың дереу отставкаға кетуін талап етпейтін болды


Түркия премьер-министрі орынбасары Мехмет Шимшек.
Түркия премьер-министрі орынбасары Мехмет Шимшек.

Түркия премьер-министрінің орынбасары Мехмет Шимшек Анкара Сирия жанжалын реттеу үшін Сирия президенті Башар Асад оставкаға кетуі тиіс деп келген бұрынғы ұстанымын өзгерткені туралы мәлімдеді. Астанада Сириядағы жанжалды бейбіт реттеу туралы кездесу өткізуге Ресеймен бірге дәнекер болып жүрген Түркия бұған дейін Асадтың Сириядағы маңызды саяси ойыншы екенін мойындап мәлімдеме жасаған. Әйткенмен вице-премьер Шимшектің қаңтардың 20-сы күні айтқан сөзі ресми Анкараның Сирия жанжалын реттеу келіссөзін Асадтың отставкасы жайлы талап қоймай өткізуге әзір екендігі туралы жасаған алғашқы мәлімдемесі болып отыр.

Шимшектің айтуынша, Анкара Сирия халқының тартқан азабы мен қайғы-қасіреті үшін «бүкіл жауапкершілік Асадқа жүктеледі» деген ұстанымды жалғастырып келеді. «Бірақ біз прагматик, шындыққа негізделген көзқараста болуымыз керек» деп мәлімдеген Мехмет Шимшек жұма күні Давотса өтіп жатқан экономикалық форумда. Ол ахуал өзгергендіктен бұдан былай Түркияның [жанжалды] реттеуді Асадтың қатысуынсыз өтутін талап ете алмайтынын айтқан. Асадсыз реттеу «шындыққа негізделмеген» деген Шимшек Асад армиясының өткен айда елдегі ең үлкен екінші қала Алеппоға қайта бақылау орнатқанын меңзегендей болып.

Түркия үкіметі Сирияда 2011 жылы соғыс басталғаннан бері Асадқа қарсы күресіп жатқан сириялық оппозициялық топтарға қолдау танытып келеді. Бірақ Шимшектің мәлімдемесі осы кезге дейін бейбіт келіссөз бастау үшін Асад биліктен кетуі тиіс деген шарт қойып келген көтерілісші топтардың ондай талаптан бас тартатынын білдіре ме, жоқ па – әзірше ол жағы беймәлім қалып отыр.

XS
SM
MD
LG