Accessibility links

Вашингтонда қарсылық шеруіне шыққан 200 адам ұсталған


АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трампқа наразылық акциясына қатысушылар. Вашингтон, 20 қаңтар 2017 жыл.

Вашингтон қаласында полиция АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трампқа наразылық білдіріп шеруге шыққан 200-ден астам адамды ұстаған.

Бұған дейін демонстранттар мен полиция арасында қақтығыс болғаны туралы хабарланған.

Үстіне қара киім киіп, кейбірі бет-жүзін маскамен жасырған демонстранттар қала көшесіне шерумен жүріп өтіп, жол-жөнекей кездескен дүкендер мен автокөліктердің әйнектерін сындырып, қоқыс салатын жәшіктер мен газет сататын автоматтарды төңкеріп тастаған.

Негізгі акцияны өздерін Disrupt J20 деп атайтын топ ұйымдастырған. Оның негізін қалаушы Алли Маккрейкенің мәлімдеуінше, топ қолдаушылары Трамптың әйелдер, иммигранттар мен мұсылмандарға қатысты айтқан сөздеріне наразылығын білдірді деп мәлімдеген.

Сенбі күні Вашингтонда "Әйелдер маршы" жаппай шеруі өтпекші. Билік орындарының мәліметі бойынша, оған 100 мыңға жуық адам қатысуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG