Accessibility links

Еурокомиссия бірнеше елге шекара бақылауын ұзартуға рұқсат бермек


Австрия мен Венгрия шекарасындағы мигранттар. (Көрнекі сурет.)
Австрия мен Венгрия шекарасындағы мигранттар. (Көрнекі сурет.)

Еурокомиссия Германия, Австрия, Дания, Норвегия және Швецияға мигранттар қозғалысын қадағалау үшін шекарадағы бақылауды тағы үш айға ұзартуға рұқсат бермекші. Die Welt басылымының хабарлауынша, шекарадағы тексеру мамырға дейін жалғасады.

Қаңтардың 26-сы күні Еуропа Одағы елдерінің ішкі істер министрлері шекараны күзету мәселесін талқылау үшін Мальтада кездеспек. Шекарадағы бақылауды ұзарту Еуропа Одағына мүше елдер үкіметтерінің барлығы ықылас білдіруі тиіс.

2015 жылы Еуропа миграция дағдарысына тап болды: Таяу Шығыс пен Африка елдерінен Еуропаға пана іздеп бір жарым миллионнан астам мигрант барған. Кейбір еуропалық саясаткерлер террорлық қауіп-қатердің артуын мигранттар легінің көбеюімен байланыстырып, босқындарды қабылдауға қарсы шықты.

XS
SM
MD
LG