Accessibility links

Трамптан салық декларациясын жариялауын талап етті


АҚШ президентінің резиденциясы - Ақ үй.
АҚШ президентінің резиденциясы - Ақ үй.

АҚШ үкіметі порталында орналасқан We the People (Біз, халық) атты сайтта Ақ үйдің жаңа әкімшілігінен президент Дональд Трамптың толық салық есебі туралы ақпаратты дереу жариялауды талап еткен петиция қойылды. Бір тәуліктің ішінде петицияға 100 мыңнан астам адам қол қойған, яғни азаматтардың талабына Ақ үй ресми жауап беруі үшін қажетті мөлшерде қол жиналған. Сайтта жарияланған ақпаратта билік ақпанның 19-ына дейін жауап беретіні айтылған.

We the People сайты азаматтық петицияларды жариялайтын орын ретінде 2011 жылы ашылған. Сол кездегі АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі бұл сайтты қоғам өкілдерімен кері байланыс орнату және азаматтарға билік органдарының жұмысына қатысты сындарлы пікірлерін жеткізуге мүмкіндік туғызу үшін ашқан.

XS
SM
MD
LG