Accessibility links

Бішкек маңына ұшақ құлағанда жараланған тағы бір адам көз жұмды


Сағынбек Рахмановтың отбасымен түскен суреті.
Сағынбек Рахмановтың отбасымен түскен суреті.

Бішкек маңындағы саяжайға «Боинг-747» ұшағы құлағанда жарақат алған 29 жастағы Сағынбек Рахманов қаладағы 4-аурухананың жансақтандыру бөлімінде қайтыс болды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ұшақ апаты салдарынан дене терісінің 45 пайызы күйіп қалған Рахманов ауруханаға ауыр халде жеткізілген еді. Апат кесірінен оның жүкті әйелі Венера Дуйшеева мен 6 және 3 жастағы екі баласы қаза тапқан.

Қаңтардың 16-сы күні таңғы сағат 7:20 шамаларында Манас әуежайы маңындағы Дача-СУ саяжайына құлаған «Боинг-747» ұшағы апатынан қаза болғандары саны 49 адамға жетіп отыр. Түркиялық ACT Airlines жүк тасымалдау компаниясының ұшағы Гонконгтан Стамбулға бара жатып, жолай жанармай толтыруға қонбақ болған кезде апатқа ұшыраған.

XS
SM
MD
LG