Accessibility links

БАҚ: Лондон баллистикалық зымыран апатын жасырған


2005 жылғы қазанда АҚШ-тың Флорида штаты жағалауында британ әскерилері өткізген зымыран сынағы. (Көрнекі сурет.)
2005 жылғы қазанда АҚШ-тың Флорида штаты жағалауында британ әскерилері өткізген зымыран сынағы. (Көрнекі сурет.)

Ұлыбритания 2016 жылы маусымда өткізген ядролық қару сынағы сәтсіздікке ұшыраған деп жазады The Times басылымы өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап. Басылымның дерегі бойынша, АҚШ-тың Флорида штаты жағалауында жасалған сынақ кезінде "Трайдент" зымыраны бағытынан ауытқып, басқа жаққа ұшып кеткен.

Газеттің сұхбаттасы зымыран сынағы сәтсіздікке ұшырағаны туралы ақпаратты әдейі жасырып қалған деген болжам айтады. Бұл оқиға Ұлыбритания парламентінде елдің ядролық сүңгуір қайықтары туралы мәселе бойынша дауыс беруге бірнеше апта қалғанда болған. 2016 жылғы шілде айында парламент "Трайдент" зымыранын ұшыра алатын жаңа сүңгуір қайықтарын жасауға 30 миллиард фунт-стерлингтен аса қаржы жұмсауға келісім берген.

The Times басылымының дерегі бойынша, Ұлыбритания соңғы 17 жылда барлығы төрт рет ядролық қару сынағын өткізген. Ядролық оқтұмсығы бар бір зымыранның құны 17 миллион фунт-стерлинг тұрады.

XS
SM
MD
LG