Accessibility links

Гамбияның экс-президенті билікті тапсырған соң елден кетті


Гамбияның бұрынғы президенті Яйя Джамме. 2 желтоқсан 2016 жыл.
Гамбияның бұрынғы президенті Яйя Джамме. 2 желтоқсан 2016 жыл.

Гамбияның бұрынғы президенті Яйя Джамме елінен кетті. Reuters агенттігінің ақпараты бойынша, ол Экваториалық Гвинеяға барған. Бұның алдында Джамме батысафрикалық мемлекеттер экономикалық қауымдастығы (ЭКОВАС) қысым жасағаннран кейін мемлекет басшысы қызметінен кеткені белгілі болған еді. Джамме отсавкаға кеткеннен кейін де одақтастар әскерінің бір бөлігі "қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін" елде қалатыны хабарланды.

Джамме Гамбияны 20 жылдан астам уақыт бойы басқарды. 2016 жылғы желтоқсанда өткен президенттік сайлауда ол жеңіліп қалғанымен, оның нәтижесін мойындаудан және билікті тапсырудан бас тартқан. Қаңтардың 19-ы күні Сенегал, Нигерия, Гана, Того және Мали мемлекеттерінің жеті мыңға жуық әскері Гамбия жеріне кірген. Бұл операцияны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қолдаған. Одақтас армиясы басшылығы Джаммеден өз еркімен биліктен бас тартып, елден кетуін талап еткен.

Президент сайлауында жеңісе жеткен Адам Барроу қаңтардың 19-ы күні өз қауіпсіздігі үшін паналаған Сенегалдағы Гамбия елшілігінде ант берген. Африкалық одақ президенттік сайлауда Барроудың жеңіске жеткенін мойындайтынын мәлімдеген.

Яйя Джамме билік басына 1994 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде келген. Құқыққорғаушы ұйымдар Джаммені Африка мемлекеттері арасындағы ең қатыгез және тоталитарлық басқару жүйесін орнатқан билеуші деп санайды.

XS
SM
MD
LG