Accessibility links

Рим папасы популизм қаупі жайлы ескертті


Рим папасы Франциск.
Рим папасы Франциск.

Рим папасы Франциск Еуропа тұрғындарын популизмге бой ұрудан сақтандырып, 1930-жылдары Германияда билікке Адольф Гитлердің қалай келгенін еске салды. Оның сөзінше, экономикалық дағдарыс пен жаппай жұмыссыздық белең алған сол заманда да әсіреоңшыл партиялар күрт күш алып кеткен.

Испандық El Pais газетіне сұхбатында понтифик еуропалықтарды жаңа геттолардың пайда болуына жол бермеу үшін босқындардың жаңа қоғамға кірігуіне септесетін шараларды көбірек қабылдауға шақырған. Ол террорлық қауіп-қатер ұлғайған шақта шекараны күзету ерекше маңызды екенін айтқан, сонымен бірге Франциск "дуал мен тікенек сымның көмегімен" қорғану әрекеттерін айыптаған.

Германияның батысындағы Кобленц қаласында кеше еуропалық әсіреоңшыл саясаткерлер кездесу өткізген. Онда франциялық "Ұлттық майдан" партиясы жетекшісі Марин Ле Пен еуропалық сайлаушыларды АҚШ пен Ұлыбританиядан үлгі алуға және 2017 жылы "оянуға" шақырған. "Еркіндік партиясының" негізін қалаушы әрі оның жетекшісі, голландиялық саясаткер Герт Вилдерс батыс елдері азаматтары "саяси биязылық қамыты" лақтырып тастауға әзір деп мәлімдеген.

2017 жылы Франция, Нидерланд және Германияда парламенттік және президенттік сайлаулар өтпекші. Оңшыл саясаткерлер шетелдік мигранттарға қарсы мазмұндағы және ұлтшылдық сарындағы ділмәр сөздерімен сайлаушыларды өздеріне тартқысы келеді.

XS
SM
MD
LG